2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК
“ALATAU FILM AWARDS” киножүлдесі

2019 жылы кинофестивальдің жаңа жүлдесі тағайындалды, оның аясында көрерменге кең тараған отандық коммерциялық фильмдер марапатталатын болады. Киножүлденің мақсаты –  қазақстандық фильмдерді насихаттау және  еліміздің кинопрокатында фильмдердің бәсекеге қабілетін арттыру.  Жүлде 8 номинация бойынша  беріледі.  Жеңімпаздар жасырын дауыс беру арқылы фестивальдің ресми сайтында анықталады.

Мына төмендегідей марапаттар тағайындалды:

Жылдың үздік фильмі

Үздік режиссер

Үздік бірегей сценарий

Үздің операторлық жұмыс

Үздік композитор

Үздік монтаж

Үздік әйел ролі

Үздік ер адам ролі