2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК
Сценарийлер конкурсы

II «Made In Almaty» сценарийлер байқауы

Кинофестивальді ұйымдастырушы Astana Film Fund 2019 жылдың 14-20 қырқүйегі аралығында өтетін Almaty Film Festival-дің іскерлік алаңы аясында екінші рет «Made In Almaty» сценарийлер байқауын өткізеді, байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз жобаның продюсерлік өңдеуіне ие болады.  

 «Made in Almaty» байқауының финалистеріне өз жобаларын шетелдік сарапшылар тобымен бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік жасалады, сарапшылар әр жобаны жеке қарастырып, оның тұсаукесерін барынша сапалы дайындауға көмектеседі. Сонымен қатар шетелдік сарапшылар шеберлік сабақтарын өткізеді, сабақтар кинофестивальде тіркелген қонақтардың барлығына ашық.

Сценарийлердің бірінші байқауының қорытындысы бойынша I Almaty Film Festival жеңімпаз атанған «Куандык» (жұмыс атауы) жобасы толығымен дайын және ол осы кинофестивальде көрсетіледі.

«Made In Almaty» сценарийлер байқауына қатысушыларға негізгі талаптар:

  • Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, тәжирибелі және еш тәжірибесі жоқ барлық режиссерлер, сценаристер, продюсерлер шақырылады.
  • Байқауда қарауға жанр және бюджет ерекшеліктері әртүрлі, ұзақтығы 80 мин., қазақ немесе орыс тілдеріндегі толықметражды көркем фильмнің дайын сценарийлері қабылданады.

Байқауға қатысу үшін pitching@almatyfilmfestival.com электронды мекенжайына төмендегі мәліметтерді 2019 жылдың 20 тамызына дейін жіберу керек: 

  1. толтырылған анкета (қатысушы анкетасы);
  2. синопсис;
  3. сценарий.

Өтінім! Қабылдау мерзімі 2019 жылдың 20 тамызына дейін ұзартылды.

«Made In Almaty» сценарийлер байқауына қатысу тегін.

«Made In Almaty» сценарийлер байқауын ұйымдастырушылар байқаудың қысқа тізіміне енген қалалық емес қатысушылардың (1 жобадан 1 адам) жол жүру және қонақ үй шығындарын көтереді.

E-mail: pitching@almatyfilmfestival.com

Сарапшы қазылар алқасы Iріктеу комиссиясы 2018 жылғы жеңімпаздың жобасы