2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК
Негізгі байқау

 «Мәдениеттер жқындастығы» негізгі байқауы

Қазақстанның Шығыс пен Батыс өркениеттері мен түрлі мәдениеттердің тоғысқан, бас қосқан жер екендігі тарихтан белгілі.

Бүгінгі таңда мәдениеттер тоғысуы жаһандану үдерісімен тығыз байланысты. Жаһандану қоғамның барлық саласын, оның ішінде мәдениет пен өнер саласын да қамтыды. Кинематография – басқа елдердің ұлттық және мәдени ерекшеліктерін көре алатын өнер саласы.

Елдер арасындағы мәдени байланыс орнатып, дамытуда бірлескен өндіріс аса маңызды көрінісі болып табылады.

Халықаралық бірлескен кино өндірісі бірқатар басымдықтар береді және  көптеген есіктерді ашады, нақты айтқанда, киноның аудиториясын жаңа нарық орындарын кеңейтуге, елімізге танымал шығармашыл адамдарды және қаржылық ресурстарды тартуға  мүмкіндік береді, сонымен қатарбасқа халықтардыңмәдениеті мен салт-дәстүрлерін түсінуге мүмкіндік береді.

Алматы кинофестивалінің негізгі байқауы  екі немес бірнеше елдің 2019 жылдың  бірлесіп өндірген фильмдерден тұрады.