2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК
Деректі кино (ЮНЕСКО-мен бірлесіп)

«Әйелдер – кинода» бағдарламасы (ЮНЕСКО-мн бірлесіп) 

2017 жылы Алматы қаласы ЮНЕСКО-ның шығармашыл қалаларының біріне айналды. 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шығармашыл қалаларының жүйесі жеті тақырыптық сала бойынша қатысушылардың шығармашыл әлеуетін таныстырып келеді: өнер және халық өнері, дизайн, кинематография, гастрономия, әдебиет, медиа-өнер және музыка. Бүгінгі таңда бұл жүйеге әлемнің 72 елінен 180 қала кіреді.

Географиялық, демографиялық және экономикалық айырмашылықтарына қарамастан, барлық шығармашыл қалалар  шығармашыл өндірістерді дамытуға арналған үздік инновациялық әдістемелерді  дамытып, бөлісуге, мәдени өмірге араласу саласын кеңейтуге және қаланың тұрақты даму саясатына мәдениетті интеграциялау міндеттенеді.

ЮНЕСКО білім, өнер және мәдениет салаларындағы халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікке жетуге ұмтылады.

2005 жыл Конвенциясы халықаралық ынтымақтастық және көмек құралдары арқылы (Халықаралық мәдениет әртүрлілігі және техникалық көмек бағдарламасы) бүкіл әлемде шығармашылықты қолдаудың стратегиялық шектерін бекітеді. Ол мемлекеттер мен азаматтық қоғамдық ұйымдарға мәдениет саясатын  жасап, жүзеге асыруда және мәдениет саласындағы шығармашыл өндірістердің, оның ішінде, кино өндірісінің нығаюына  қолдау  көрсетеді.

«Әйелдер – кинода» бағдарламасына режиссер әйелдер түсірген немесе әйелдер туралы баяндалатын фильмдер енеді. Бұл бағданрламадағы үздік фильм ЮНЕСКО-ның жүлдесімен марапатталады. Сонымен қатар Алматы кинофестивалімен ынтымақтастық аясында ЮНЕСКО-ның өкілдері кинофестивальдің іскерлік шараларына (дөңгелек үстелдер/пікірталастар) қатысады.