2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК

ҚАРЖЫГЕР. ОЙЫННАН ШЫҒЫП ҚАЛУ

Қазақстан, 2018, 98 мин
Формат:DCP
Режиссер: Елена Лисасина

Синопсис

Брокерлер, фонд биржасы… Ұтысқа бүкіл меншігі, денсаулығы, тіпті адамның өміріне дейін қойылған тартымды да, үрейлі ақша әлемі. Дарынды Руслан бала кездерден бергі досы Тайырдың үгіттеуімен қаржыгер болып шығады. Бірде, биржалық алып-сатарлық барысында олар адамның өмірі соқыр тиынға тұрмайтын адамдармен тартысып қалады. Достық, махаббат және басқа да сезімдер «ақша ағынымен» сыналады. Олар нені таңдайды, қалай құтылып шығады?