2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК

ҚҰДАЛАР

Қазақстан, 2018, 93 мин
Формат: DCP
Режиссер: Нұртас Адамбай

Синопсис:

Үйленеміз деп шешкен екі жас туралы көңілді оқиға.
Бірақ олардың ата-аналары, нақтылап айқанда, аналары олардың бұл қуаныштарына ортақтаса алмайды…
Диананың анасы «темір леди» Жаннет жастардың мұндай кездейсоқ, асығыс шешімдеріне мүлдем қарсы. Күйеу жігіттің анасы Райхан да ұлын ойынан бас тартуға көндіруге тырысып бағады.
Бірақ жастар өз райларынан еш қайтпайды. Ата-аналары құдалық жасауға мәжбүр болады, құдалық кезінде ата-аналар өздерінің қорқыныштары мен күмәндарының растығына көздері жетеді. Дегенмен, тойға дайындықты бастап кетеді.
Бәрі келісімге келгендей, тек тойдың болатын күнін күту ғана қалды, бірақ Жаннет пен Райхан балаларын азғыруларын тоқтатпайды. Ақыры, олардың осы әрекеті жастарға әсер ете бастайды. Жастар аналарының сөзін қолдап, бір-бірін бөтен адамдармыз деп шешеді. Той болмайтын болады.
Данияр мен Диана сезімдерін қайта жандандыра ала ма? Алматы мен Шымкенттің құдалары тіл табыса ала ма?