2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК

ТАҒДЫР БЕКЕТІ

Қазақстан, 2018, 74 мин
Формат: DCP
Режиссер: Ернар Нұрғалиев

Синопсис

Еш жерде жұмыс істемейтін, бүлікшіл, жиырма екі жастағы Ұлан кезекті бүлігінен кейін полицейлерден қашып жүріп, бір вагон купеге кіреді, сонда ол Гүлназ деген әдемі қызға ғашық болып қалады. Гүлназ да жігітті ұнатып қалады. Гүлназ Ұланның өмір бойы іздеген сүйкімді де сезімтал қыз болып шығады.
Гүлназ да Ұланның бойынан өзінің бойында жоқ еркіндік пен бүлікшілдікті көріп, құмартады.
Гүлназ бен Ұлан тағдыр олардың алдына түрлі сынақтар мен оқиғалар дайындап қойғанын сезбейді де. Ғашықтар өздерінің әке-шешелерінің өткендегі істері үшін жауап беріп, махаббаттарын сақтап қалу үшін қилы жағдайларды бастарынан өткізуге мәжбүр болады.