2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҰШҚЫН» СТУДЕНТТІК КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Қазақстан Республикасының 2018 жылдың 5 қарашадағы Жарлығы бойынша үстіміздегі 2019 жыл жастар жылы деп аталды. Жастарды қолдау мемлекеттік бағдарламаның бірден бір басымдықтарының бірі болып табылады.

Almaty Film Festival да жас кинематографистерге үлкен назар аударады, оларға түрлі шеберлік сабақтарын, жоба питчингтерін өткізеді, кипнофестивальдің барлық шараларына қатысуға және команданың бір бөлігі ретінде тәжірибе жинақтауға жағдай жасайды. Канн кинофестивалі кезінде Almaty Film Festival Халықаралық «Ұшқын» студенттік кинофестиваліне қолдау көрсетіп, оның осы жылғы жеңімпаз фильмдерін кинофестивальде көрсету туралы шешім қабылдады. Биыл «Ұшқын» фестивалінің бағдарламасында әлемнің 8 елінен 13 киномектебінің 35 қысқаметражды студенттік фильмі қатысып, халықаралық деңгейге көтерілді.