2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК
Шетелдік сарапшылар

«MADE IN ALMATY» сценарийлер байқауы финалға шыққан 10 қатысушыға арналған бай бағдарламадан тұрады. Бағдарлама Қазақстан кинематографистерін қолдауға бағытталған. Біздің миссиямыз – оларға мықты серпін беріп, үздік жобаларды әлем продюсерлеріне, қорлар мен фестивальдарға таныстыру.

САРАПШЫЛАР:

Изабель Глашан

Франция, Қытай

Изабель Глашан – тәуелсіз продюсер, қазіргі таңда Пекинде тұрады. Еңбек жолын француздың Canal + телеарнасында журналист ретінде бастайды, көп ұзамай режиссер Ван Сяошуайдың «Шаңқай армандары» фильмінің атқарушы продюсері ретінде кино  саласына ауысады (фильм 2005 жылы Канн кинофестивалінде Қазылар Жүлдесіне ие болады). Сол кезден бастап, Изабель Ван Сяошуайдың барлық фильмдерінің өндірісіне қатысады, оның ішінде «Қызыл Амнезия» фильмі де бар (Венеция ХКФ, 2014). 2014 жылы Изабель Asian Shadows халықаралық компаниясын құрады, бұл компанияда ол «Сити» (реж. Эдди Кайоно, Индонезия) және «Жан жолдары» (Чжанг Янг) фильмдерін шығарады. Сонымен қатар Изабель продюсер ретінде Ли Ю, Чуань Лу, Мули Суря, Едди Кайоно, Фаозан Ризал және басқа да танымал режиссерлермен жұмыс істеді.

Изабель Франция Мәдениет Министрлігінің Өнер және Әдебиет Орденімен марапатталған. 2012 жылдан бері Азияда тұратын Изабель Қытай, Гонконг және Тайвань елдерінд Unifrance компаниясының өкілі болып келеді.

Бенжамен Иллос

Франция

Бенжамен Канн кинофестивалінің «Режиссерлер Екіапталығы» секциясына фильмдер іріктеумен айналысады. Көптеген жылдар бойы ол Пьер Риссиенмен бірге жұмыс істеп, дарынды режиссерлерді қолдаумен айналысты. Үнемі сценарий жазу, монтаж, субтитрлер дайындау жұмыстарына қатысып, фильмдер туралы жазып отырады.

«Режиссерлер Екіапталығы» кинематографиялық баяндаудың көркем, деркеті және қысқаметражды фильмдер сияқты түрлі формалары үшін ашық, жаңа, тәуелсіз фильм режиссерлері мен ерекше режиссерлік стилі бар фильмдерге ерекше көңіл бөледі.

Джереми Чуа

Сингапур

Джереми Чуа – сингапурлік продюсер және жазушы. Бүгінгі таңда ол Сингапур мен Парижде тұрады. Путтнам кинематограф және анимация мектебін және 2012 жылы Сингапурдегі LASALLE College of the Arts қазіргі заманғы өнер колледжін бітіргелі бері ол Akanga Film Asia тәуелсіз киностудиясымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ол Иштиак Зикомен бірге «Кино, қала және мысықтар» (Локарно ХКФ «Ашық есіктер» секциясы, 2016), сонымен қатар Фран Борджио продюсерлік еткен, Джо Чжи Вэймен бірге жасалған «Ертең ұзақ болады» (Иерусалим ХКФ, 2016) фильмдерімен айналысуда. 2014 жылдан бастап Джереми өзінің жеке Potocol компаниясын құрды, онда ол режиссер Лав Диастың «Қайғылы құпияның әлдиі» (Берлин-2016 ХКФ «Күміс Аю» және Альфред Бауэр жүлдесі), К.Раджагопалдың «Сары құс» («Сын апталығы», Канн ХКФ, 2016) және режиссер Пепе Диокноның «Бауырластық» (Карловы Вары- 2016 ХКФ) фильмдеріне продюсерлік етті. Сонымен қатар Potocol компаниясы Николь Вудвордтың «Сен сондасың» (Оңтүстік-Шығыс Азия көркем фильмдері лабораториясы, 2017) және Ин Лянның «Отбасылық саяхат» фильмдерімен жұмыс істеуде.

Джиованни Роббиано

Италия

Джиованни Роббианопрофессор, сценарист, режиссер және продюсер, Еуропа киноакадемиясының мүшесі. Прагадағы FAMU Университетінің (Чехия) халықаралық бөлімінің басшысы. Кино саласын, алдымен, Болоньеде, кейін Нью-Йорктегі Колумбия университетінде оқыған. Италияға оралған соң көркем, деректі фильмдер мен сериалдардың сценарисі ретінде жұмыс істеген. 1998 жылдан бері Италияның көптеген университеттерінде сабақ береді: Болонье, Милан, Генуя, Рим, ал 2000 жылдан бері Еуропаның көптеген елдерінде, сонымен қатар Морокко мен Гонконгта сахна шеберлігінен лекциялар оқиды.

Матиас Ночис

Ұлыбритания

Матиас Ночис –киномаркетинг маманы, кино өндірісіне арналған Alphapanda медиаагентігінің негізін қалаушы.  PR, жарнама, әлеуметтік желілер және блокбастерлер мен инди-фильмдер брендингі саласында жұмыс тәжірибесіне Ол сонымен қатар Еуропа және Американың халықаралық оқу бағдарламаларында фильмдер маркетингі бойынша сарапшы болып табылады және фестивальдер мен конференцияларға қатысып, баяндамалар жасайды.