2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК
Iріктеу комиссиясы

Юлия Ким

Almaty Film Festival атқарушы директоры

Халықаралық продюсер.

2011 жылдан бері қазақстандық фильмдерді халықаралық кинофестивальдарға тарту және Еуропа және Азия кинофестивальдарымен,  шетелдік кино  қорларымен  және ірі продюсерлермен байланыс орнатуда белсенді жұмыс атқарып келеді.

Төмендегі фильмдерді әлемдік аренаға шығарумен айналысты:

2012 – Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі  –Канн кинофестивалі «Ерекше көзқрас», Токио, Бусан, Португалия (Қазылар Жүлдесі) ХКФ және т.б.

2015 –  Е.Тұрсынов, «Жат» –Торонто, Австралия, Лондон, Таллин ХКФ және т.б.

2015 – Е.Нұрмұхамбетов, «Жаңғақ ағашы»– Бусан ХКФ Бас Жүлдесі, Варшава, Везуль ХКФ  (2 жүлде), Фаджр (Ең үздік Азия Фильмі), Тұлпар  сыйлығының «Жыл Режиссері» және  «Жыл Фильмі» номинацияларының иегері және т.б.

Продюсер ретінде:

2018 – Ф. Шарипов, “Жеке даму тренингі” Фархата Шарипова – Продюсер – Бусан Кинофестивалі, Москва ХКФ – Бас Жүлде, Гамбург ХКФ.

2019 – Е. Нұрмұхамбетов  “Барымташылар” – (Қазақ-Жапон бірлескен туындысы) – Продюсер – фильмнің соңғы жұмыстары жасалуда.

Юлия Ким қазақстандық киноны шетелдік киноқорларға, киносыншыларға және киномұрағаттарға таныстырады, шет елдерде қазақстандық режиссерлердің фильмдерінің ретроспективті  және арнайы көрсетілімдерін ұйымдастырады, сонымен қатар шетелдік ірі продюсерлерді Қазақстанмен бірлескен жобалар жасауға тартады.

Жанель Сариева

Almaty Film Festival-дың креатив продюсері

Коуч-психолог, бизнес-жаттықтырушы.

Жанел Сариева Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұттық Университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітірген. Университетті бітірген соң Нью-Йорк Киноакадемиясында Universal Studios Hollywood студиясының базасында, және Психологиялық ғылымдар Халықаралық Академиясында оқыған. ПРООН кәсіби медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша грант степендиясының иегері.  2009 жылдан бері БҰҰ Секретариатындағы Азия және тынық мұхит елдерінің экономикалық және әлеуметтік комиссиясында, IGI Enterprises LLP (АҚШ), KISTEP (Оңтүстік Корея), PIT (Германия), Transparency International (Литва), ОТУМКа (Ресей) және т.б. түрлі курстарынан және тағылымдамалардан өтті.

Жанел Сариева «Ниет» Қайырымдылық Қорының басшысы, Саяси Менеджмент Мектебінің жаттықтырушысы, Ұлттық технологиялық даму Агенттігінде халықаралық ынтымақтастық менеджері ретінде жұмыс істеді, сонымен қатар ол қарым-қатынастар бойынша лайф-коуч және психолог ретінде де жұмыс істеп келеді.

Жанел Сариева  Халықаралық «Shape Eurasia 2014» Форум, Республикалық әлеуметтік роликтер үшін үздік идея байқауының ұйымдастырушыларының бірі болып табылады.

Оның креатив продюсер ретіндегі табысты жобаларының қатарында мына фильмдерді атауға болады: «Оff-line демалыс» көркем фильмі және «Алматы 1000 жыл», «Алматының 7 шыңы», «1000 бояулы қаладағы Қысқы Универсиада», «Бейнеэнциклопедия»,  «Қазақстандық Кеңестер Одағының Батырлары» деректі фильмдері.

Әсел Сағатова

«Made In Almaty» сценарийлер байқауының басшысы

Кино актрисасы.

Әсел Сағатова Семей қаласында туған. Үлкен экранда алғаш рет 2003 жылы атақты қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың туындысы бойынша түсірілген «Мәңгүрттің анасының жоқтауы» фильмі арқылы шықты. Киноға және көптеген фотосессияларға түсе жүріп, Әсел әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін қызыл дипломмен тәмамдады, сонымен қатар магистрлік деңгейін де алып шықты. АҚШ-та New York Film Academy LA актерлік шеберлік курсын бітірді. Ұзақ уақыт телевидениеде тележүргізуші ретінде жұмыс істеді.

Тимур Бекмамбетовтің «ASTANA 2010» кинофестивалінде «Жыл жаңалығы» номинациясының лауреаты.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының сыйлығының лауреаты, 2011 ж.

«Халық қалаулысы» сыйлығының лауреаты, 2012 ж.

«FUN FEARLESS FEMALE 2013» сыйлығының «Жыл актрисасы»  номинациясының жеңімпазы, «FUN FEARLESS FEMALE 2014» сыйлығының  «Cosmopolitan» халықаралық  журналының таңдауы бойынша «Қазақстан киноиндустриясының дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесінің иегері.

Актрисаның фильмографиясында көптеген табысты киножұмыстар бар, олардың ішінде  «Рэкетир», «Махаббат тәлкегі», «Бауыржан Момышұлы», «Мәрелi қадам», «Назарбаев.Live» және тағы басқа танымал фильмдер бар.

Тимур Жақсылықов

Қазақстандық кино және телевидение сценарисі.

Сценарист ретіндегі оның тырнақалды туындысы 2007 жылы SATAIFILM  студиясы түсірген «Рэкетир» көркем фильмі. Одан кейінгі жылдары «Ағайынды», «Күләш», «Парыз», «Болашак», «Сұңқар», «Бауыржан Момышұлы», «Оралу», «Қарашаңырақ», «Құрбылар», «Махаббат журегімде» сериалдарының, «Адасқан», «Ликвидатор», «Мың Бала», «Анаға апарар жол», «Хакер», «Аудандар», «Көшбасшы Жолы. Астана», «Бизнесмендер» көркем фильмдерінің,  биылғы жылдың ең басты премьерасы «Томирис» кинотуындысының сценарийлерінің авторы.

Тимур Жақсылықов – құрметті жүлделердің иегері:

2017 ж. үздік сценарий үшін Ұлттық Жүлде – «Аудандар» көркем фильмі;

ҚР Мемлекеттік Сыйлығы – «Анаға апарар жол» көркем фильмі.