2019 ЖЫЛ, 14-20 ҚЫРКҮЙЕК
Сарапшы қазылар алқасы

Ақан Сатаев

Almaty Film Festival​ Президенті

Қазақстандық кинорежиссёр, актёр, сценарист және продюсер.

Қазақстан Республикасындағы ең табысты режиссерлердің бірі.

Ақан Сатаев Қарағанды қаласында туған. Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясында кино режиссері дипломын алған.

2003 жылы бүгінгі таңдағы ең ірі «Sataifilm» киностудиясын құрды. Одан кейінгі жылдары ол 10 көркем фильм түсірді, оның ішінде «Рэкетир», «Аудандар», «Көшбасшы Жолы. Астана», сонымен қатар сериалдар мен 300-ден аса жарнама роликтері бар.

2016 жылы «Astana Film Fund» Қоры құрылды, Ақан Сатаев Қордың басшыларының бірі болып табылады.

Ақан Сатаев – көптеген жүлде-сыйлықтар мен атақтардың иегері.

2012 жылы Ақан  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.

2014 жылы  халықтың көпшілік даусымен ол Ұлттық «Жылдың Халық қалаулысы»  жүлдесін жеңіп алып, Қазақстан киноиндустриясының үздік қайраткері деп танылды. Ақан «Алтын Жұлдыз» жүлдесінің бірнеше рет иегері атанған.

Режиссердің «Аудандар» фильмі Барселонада өткен CASA Asia ХКФ жүлдесін, сонымен қатар Ұлттық «Тұлпар 2017» жүлдесінің «Үздік фильм», «Үздік режиссерлық жұмыс», «Үздік сценарий», «Үздік ер адам ролі», «Үздік музыка» номинацияларын иеленді.

«Анаға апарар жол» көркем фильмі Бішкекте өткен VI Ұлттық  «Ак Илбирс» киножүлдесінде Орталық Азияның ең үздік фильмі атанды. Фильм 38-ші Москва Халықаралық кинофестивалінде көрсетілді, сонымен қатар «Еуразия көпірі» Халықаралық кинофестивалінде Бас Жүлдені иеленді, ал актриса Алтынай Нөгербек «Ең үздік әйел адам ролі» номинациясын жеңіп алды. Бұл фильм Нью-Йоркте өткен Еуразия кинофестивалінде (New York EURASIAN Film Festival) «Ең үздік көркем фильм» деп танылды. Сонымен қатар Ақан Сатаев осы фильм үшін 2018 жылы әдебиет пен өнер саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Арманжан Байтасов

Қазақстандық бизнесмен, қазақстандық тәуелсіз БАҚ құрушылардың бірі, «Мегаполис», «Бизнес и Власть» газеттерінің, «31 арна» ТРК, «Радио 31» арналарын құрушы, «Forbes Kazakhstan» іскерлік басылымының баспагері,  «Тан  Медиа Груп» холдингінің басшысы,  кәсіби тележурналист. 

Арманжан  Байтасов MuzzOne, НБТ (Бішкек), «Forbes Kazakhstan»  және «Forbes Georgia» компанияларының иесі,  «Jet Airlines», Қарағанды, Павлодардағы телекомпаниялардың және бірқатар даму жобаларының меншік иелерінің бірі.  YPO қазақстандық бөлімшесінің мүшесі, «Ана Үйі» жобасының мүшесі, Қазақстандық Медиа Альянстың Төрағасы. «Бизнес FM» медиа жобасының негізін қалаушы.

Арманжан Байтасов Алматы қаласында туған. 1992 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Сол жылдары «31 канал» ТРК негізін қалады. Филология ғылымдарының кандидаты және  Қазақстан Журналистер Академиясының академигі. 

Арманжан  Байтасов – бірқатар құрметті атақтар мен сыйлықтардың иегері.

Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты.

 «Алтын Жұлдыз» телевизиялық байқауының лауретаы.

2000 жылы  «Жыл таңдауы» «Үздік басшы» номинациясы бойынша «Алтын Адам» алтын мүсінін жеңіп алды.

2018 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

 «Қазақстанның БАҚ қолдау және дамыту Қайырымдылық Қорының» қамқоршылар кеңесінің Төрағасы.