![]() ![]() ![]() |
19/09/2018
Алматыда I Халықаралық AlmatyFilmFestival кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті. Республика Сарайында өткен жабылу салтанатында кинофестиваль жеңімпаздары жарияланды. «Әлемнің жұмсақ енжарлығы» фильмі (режиссер Әділхан Ержанов, оператор – Айдар Шәріпов операторлық өнер және қоюшы суретшінің жұмысы қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Үздік актриса жүлдесін «Сара мен Сәлімге шағым» картинасындағы рольдері үшін Майсе Абд Эльхади және Сивэйн Крэчнер екеуі бөліп алды. Үздік ер адам ролі жүлдесін «Көкжиек» (режиссер Тинатин Каджришвили) фильмінің актері Георгий Бочоришвили иеленді. Үздік режиссер жүлдесін Роман Бондарчук ( «Жанартау» фильмі) алды. Фестивальдің ең басты жүлдесін – ең үздік картина үшін Гран-при жүлдесін режиссер Дарья Жуктың «Хрусталь» (копродукция Беларусь, Ресей, АҚШ, Германия елдерінің бірлескен өнімі) фильмі жеңіп алды. Фестивальдің ресми жүлделерінен бөлек тәуелсіз жүлделер де тапсырылды. ЮНЕСКО ұйымы «Генезис 2.0» (Швейцария, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ елдерінің бірлескен өнімі, режиссерлар Кристиан Фрай және Максим Арбугаев) фильмін арнайы жүлдемен атап өтті. Ал режиссер Олег Беляловтың «Алтын-Емел» фильмі фестивальдің бас ақпараттық әріптесі «Хабар» акционерлік қоғамының арнайы жүлдесімен марапатталды. AlmatyFilmFestival ХКФ президенті Ақан Сатаев әлемдік кино өнерінің жарқын өкілі, фестивальдің арнайы қонағы режиссер Ким Ки-Дукке, сонымен қатар немістің ғажап актрисасы Настасья Кинскиге «Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесін тапсырды. Питчингтің жеңімпаздары болып «Қуандық» жобасының авторлары продюсер Серік Әбішев және Әділхан Ержанов танылды. «Русская Фильм Гурппа» корпорациясы «Сен жалғыз емессің» жобасының авторлары Хусейн Ферзаули, Сабина Жүніспекова, Иван Кващукке продюсерлік талдама және постпродашн кезеңінің толық қызметтеріне сертификат тапсырды. Анықтамалық дерек: 15 -19 қыркүйек аралығында Алматыда I Халықаралық AlmatyFilmFestival кинофестивалі болып өтті, ол қаламыздың ерекше оқиғасы ретінде жыл сайын өткізілетін болады. Ұйымдастырушы AstanaFilmFund, тапсырыс беруші Алматы қаласы әкімдігі. Кинофестивальдің қазылар алқасына Гүлнар Сәрсенова («Айка»фильмінің продюсері), американдық, француз продюсері Пьер Спенглер («Супермен», «Үш сарбаз», «Андэграунд»), режиссер, продюсер, неміс актрисасы Настасья Кински 1981 жылғы («Алтын глобус» иегері, Cesar жүлдесінің бірнеше дүркін үміткері).
AlmatyFilmFestival баспасөз департаменті:
Кинофестивальдің бас демеушісі «AirAstana» АҚ. Ресми демеушілер:
Бағдарлама әріптестері:
Әріптестер:
|
![]() |
15/09/2018
Құрметті журналистер! Сіздерді «Қазақстандағы The Walt Disney. Дубляж» дөңгелек үстеліне шақырамыз. Дөңгелек үстел аясында Disney компаниясы, «Болашақ» корпоративті қоры мен «Меломан» компаниясының ынтымақтастығы бойынша бірегей жобалар, сонымен бірге казақ тіліндегі копродукциялардың келешегі талқыланатын болады. Сондай-ақ сарапшылар қазақстандық дубляж мамандарын Disney студиясының стандарттары бойынша оқыту мәселелері жөніндегі тәжірибесімен бөліседі. Disney студиясының қазақ тіліндегі контентіне қол жеткізудің онлайн-кинотеатрлар, телеарналар сияқты жолдары талқыланады. Қазақ тілінде фильмдер түсірудің коммерциялық келешегі қарастырылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақстандық әріптестермен тәжірибе бөліседі. Кездесуге қатысушылар:
Мерзімі: 15.09.2018 ж. Уақыты: 15.00 – 16.00. Орны: Mercure қонақүйі, Абылай хан, 53. Анықтамалық ақпарат 15-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша Astana Film Fund ұйымдастыруымен I Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді. Кинофестиваль 15 қыркүйекте сенбі күні, Cinemax (Dostyk Plaza) кинотеатрының алдында қызыл кілеммен ашылады. Қызыл кілеммен қазақстандық кино мен шоу-бизнестің кішкентай жұлдыздары және танымал жұлдыздар балаларымен жүріп өтеді. Балалар Disney компаниясының қазақ тіліне алғаш аударылған классикалық филімдерінің бірін тамашалаудан бұрын сахнада Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек, «Уолт Дисней Компани СНГ» бас директоры Марина Жигалова-Озкан, «Арыстан патша» аннимациялық фильмінің режиссері мен продюсері |
![]() |
17/09/2018
«Пандалар» фильмінің тұсаукесері 2018 жылы 17 қыркүйекте Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалі аясында Astana Film Fund, Kinopark 8 IMAX Saryarka кинотеатрында америкалық режиссерлар Дэвид Дуглас пен Дрю Фэлманның «Пандалар» деректі фильмін көрсетеді. Бұл фильм жер бетіндегі ең қызық сүтқоректі, қазір жоғалудың аз-ақ алдында тұрған Пандаларды сақтау және өсіру мәселесіне арналады. Қытайлық және америкалық ғалымдар тобы пандаларды жабайы табиғатқа бейімдеу бағдарламасын бастауды жоспарлап отыр. Бұған дейін АҚШ ғалымдары қара аюды бейімдеген. Осылайша, пандалар панасында дүниеге келген қонжық – Цянь Цянь беймәлім табиғатпен танысу экспериментінің алғашқы мүшесі болмақ. Бұл картина елімізде Almaty Film Festival І халықаралық кинофестивалінде, конкурстан тыс «Мәдени және табиғи мұра, туризм мен спорт» бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі (ЮНЕСКО-мен бірге). Дрю Фэлман – продюсер, әрі жазушы, «Пандалар» (2018), «Еркіндікте туғандар» (2011) және «Лемурлер аралы: Мадагаскар» (2014) фильмдерімен танылған. Стив Рансохов, фильмнің продюсері, Film Finances компаниясында 30 жылдан астам жұмыс істеп келеді, компания жүзеге асырған мыңнан астам кино- және телевизия жобаларына қатысқан. Көрсетілімнің басталуы сағат 19:00-де. Фильм 43 минут болады. Көрсетілімнен соң, баспасөз-кездесуі болып, авторлармен талқылау өтеді. Спикерлер:
17 қыркүйек 2018 жыл, сағат 19:00 Астана қаласы, Kinopark 8 IMAX Saryarka кинотеатры, Тұран даңғылы 24, 1-зал Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласыңыз: 8 701 526 30 50, email: media@askredpoint.com. |
![]() |
8/29/2018
Алматыда Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалі өтеді,ол жыл сайын өткізілетін шараға айналмақ. Алматыда 15 пен 19 қыркүйек аралығында Алматы қаласы әкімшілігінің бастамасымен Astana Film Fund ұйымдастырған Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалі өтеді. Кинофестивальдің қазылар алқасы құрамында Гүлнәр Сәрсенова («Айка» фильмінің продюсері, француздық продюсер Пьер Спенглер («Супермен», «Үш мушкетер», «Андэграунд»), режиссер, продюсер, неміс актрисасы Настасья Кински (1981 жылғы «Алтын глобус» сыйақысының иегері , «Cesar» сыйақысының бірнеше мәрте номинанты), француздық продюсер Марк Рускар бар. Сонымен қатар кинофестивальге оңтүстікореялық режиссёр Ким Ки Дук ( Венециан кинофестивалінің «Алтын арыстан» иегері), америкалық кинорежиссер Роберт Минкофф («Король Лев»), продюсер Алексей Петрухин және басқалары келеді. Ақан Сатаев, Almaty Film Festival президенті: «Қандай кинофестиваль болмасын ол қала үшін имиджі шара болып табылады.Біз Қазақстан киноиндустриясына халықаралық жобаларды тартып, Алматыны әлемге кеңірек танытсақ, дейміз. Енді Almaty Film Festival жыл сайын өткізілетін шараға айналатындығына сенімдімін және ол жекеменшік қазақстандық киноға дүниежүзілік деңгейдегі фильмдерді түсіруге ықпал ететін болады». Кинофестиваль қонақтары ішінде қазақстандық актерлер – Самал Еслямова, Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджанова,Әсел Сәдуақасова, Құралай Анарбекова, Динара Бақтыбаева, Берік Айтжанов, Санжар Мәди, Асылхан Төлепов, Максим Акбаров, Фархад Әбдраимов, Айдархан Әділбаев, Асқар Ұзабаев, Әлішер Утев, Данияр Ибрагимов, Серік Әбішев, Айдар Баталов, Қанағат Мұстафин, Нұртас Адамбай, Асқар Бисембин, Нұрлан Қоянбаев. Негізгі конкурсқа 10 картина қатыспақ, мынадай номинациялар көзделген: «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі». Көрермендер келесі картиналарды тамашаламақ : «Рисуя жизнь» ( Үндістан /АҚШ), » Омотэнаси» ( Жапония/Қытай Халық Республикасының Тайвані), «Ласковое безразличие мира» ( Қазақстан/Франция), «Горизонт» ( Грузия/Швеция), Конкурстан тыс бағдарламада 21 фильм мынадай секцияларда көрсетілмек : «Мәдени және табиғи мұра, туризм мен спорт» ( ЮНЕСКО-мен бірлесіп) – 6 фильм, «City in motion» бағдарламасы – 5 фильм, «Отбасылық кино»- 5, «Ерекше көрсетілім»-5 фильм. Кинофестиваль шеңберінде бизнес-форум өтпек, онда отандық киноның даму келешегі, қазақстандық картиналарды басқа елдерге экспорттау, киноөндіріс мәселелері, кинематографтың Алматының туристік әлуетіне ықпалы және басқа да мәселелер талқыланбақ. Эрнар Құрмашев, Almaty Film Festival бас продюсері: «Қазіргі кезде Қазақстанда жылына 20-25 кинокартина түсіріледі. Жекеменшік қазақстандық киноөндірістің жылдық нарығы шамамен 8-10 млн долларды құрайды.Бір қазақстандық филмьнің өндірісіне орташа алғанда 200-250 мың доллар жұмсалады, ал бокс-офистер шамамен орташа алғанда 400-500 мың долларды құрайды. Кинофестиваль аясында жобалар питчингін ұйымдастырдық, ол жеңімпазға өз жобасын жүзеге асыру үшін «Almaty Film Festival » инвестиция алуға көмектесетін болады. Кинофестивальдің жабылуында кинематография саласындағы «Тұлпар» ұлттық сыйақысы табыс етілмек ( сыйақы 2016 жылдан бері беріліп келеді). Сонымен қатар кинофестиваль ұйымдастырушыларының хабарлауынша, қала әкімшілігі жанынан – Almaty film сommission арнайы құрылымы құрылмақ, ол қала мен облыста қазақстандық және шетелдік кинематографистерге түсірілім кезінде көмектесетін болады. Фестивальге алдын-ала аккредитация бойынша тегін баруға болады. Almaty Film Festival баспасөз департаменті : *********** Кинофестивальдің бас демеушісі «Air Astana» АҚ Ресми демеушілер:
Бағдарламаның әріптестері:
Әріптестер:
|
![]() |
8/16/2018
Құрметті БАҚ өкілдері, Almaty Film Festival фестиваліне аккредитация басталды. Аккредитацияны және барлық баспасөз шаралары туралы ақпаратты уақытында алу үшін, өз деректеріңізді (Т.А.Ә., БАҚ атауы, өзекті байланыс деректері) баспасөз қызметіне press@almatyfilmfestival.com электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз. |
![]() |
8/14/2018
Almaty Film Festival бірінші халықаралық кинофестивалін көптен көп күтілетін «Айка» фильмі ашады. Картина қазақстандық актриса Самал Еслямованың орындауындағы жас мигрант қыздың өмірбаяны туралы айтып отыр. Өзге елге көшкен жас қызды өмірдегі ең қиын қадамдарының бірі – өз баласын тастап кетуге не душар етті? «Бұл басқа адамдар айтып бере алмайтын күрделі және психологиялық оқиға, кейіпкер камера мен көрермендерге барлығын өзі айтып беріп отыр», – деп белгілейді ол. Канндарда алғаш жазылған нұсқасында шыққанына қарамастан фильм қазылар алқасын өз шынайылығымен сөзсіз таң қалдырды, ал Самал Еслямованың ойынын «адами мүмкіндіктер шегінде болған» деп белгіледі және еңбегіне лайық «Үздік әйел рөлі үшін» жүлдесін тапсырды. Картина күрделі сезімді туындайды. Әлдекім үшін бұл қорқыныш немесе ашу, кінә немесе реніш, ұят немесе мұң сезімдері… Дегенмен фильм енжар қылып ешкімді қалдырмайды. |
![]() |
8/13/2018
Қала күні мерекесі аясында Алматыда тұңғыш рет I Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді. Күндерді бекітіп қойыңыз! Қыркүйектің 15- 19 аралығында! Фестиваль күндері жақындап қалды! |
8/12/2018
Біз неге Almaty Film Festival-ды жақсы көреміз? Қазақстандық кино тарихы көп жылдармен есептеледі, және сол жылдары серпінді Алматымыз отандық киноиндустрия үшін нағыз мекеніне айналды. Мұнда түрлі мәдениеттер түйіседі, Шығыс пен Батыс қиылысады және алуан түрлі киножобаларды жасау үшін шабыт туындайды. Біз Almaty Film Festival қазақстандық кино сүйерлердің аудиториясын кеңейтеді, кинематограф саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа жолдарды ашады және қала өмірінің таң қалдыратын оқиғаларының бірі болатынына сенімдіміз. |
|
![]() |
8/10/2018
I Almaty Film Festival ХКФ питчингіне ұсыныс қабылдау ашық! Оның қорытындысы бойынша жеңімпаз ұйымдастыру комитетінен фильмді түсіруге толық қаржылық қолдауға ие болады. Іскерлік алаңының басшысы Әсел Сағатованың айтуынша, Қазақстанның азаматтары болып саналатын, кино саласында тәжірибесі бар немесе жоқ кинематографистердің барлығы қатыса алады. Байқауға сценарийі дайын толықметражды, ұзақтығы 80 минуттан аз емес, жанр ерекшеліктері және бюджет деңгейі әртүрлі қазақ немесе орыс тілдерінде көркем фильмдер жобасы қабылданады. Ол үшін 8-25 тамыз аралығында толтырылған анкета, синопсис, сценарийі жіберіледі. Мәліметтерді төмендегі электронды адреске жіберуге болады: pitching@almatyfilmfestival.com Анкетаны фестиваль сайтынан жүктеп алуға болады: http://almatyfilmfestival.com/ |
8/8/2018
Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі Қазақстанда және әлемде белгілі актер, режиссер, сценарист, продюсерлердің басын қосады. Алматы қаласы Күндері аясындағы ең ауқымы шара қыркүйектің ортасында өтеді. Осы күндерді бізбен бірге өткізіңіз! |
|
![]() |
8/6/2018
Almaty Film Festival бас продюсері Ернар Құрмашев: «Almaty Film Festival – бұл «Қызыл жол», әлемдік кинопремьералар, отандық және шетелдік кино жұлдыздары! Және осы ғана емес! Негізгі міндетіміз – әлемдік киноқоғамдастыққа біздің тамаша қаламыз туралы, түсіруге арналған ең әсем локацияларының бірі деп айтып беру. Біз дүние жүзіне танымал продюсерлер мен режиссерлерді шақырдық. Бизнес-форумымыздың аясында отандық киноны дамыту перспективалары, басқа елдерге экспорттау, кинематографтың қаланың туристік потенциалы дамуына ететін әсер талықланатын болады. Халықаралық кинофестиваль Алматы қаласы Күнін мерекелеу бағдарламасы аясындағы ең есте қаларлық оқиғалардың бірі болады деп сенімдімін |
8/4/2018
Сіздерді Almaty Film Festival президенті – әйгілі қазақстандық кинорежиссер, актер, сценарист және продюсер Ақан Сатаевпен таныстырып отырмыз. «Қазақстан кинематографы бүгінгі күні бұрын-соңды болмаған трансформация дәуірінен өтіп отыр. Көрерменіміз қызығушылық танытатын және еліміздің сыртында танылатын көбіне-көп аттар пайда болуда. Almaty Film Festival біздің қаламыздың потенциалын ашады, сондықтан фестиваліміздің негізгі конкурсы өздері үшін кино өндірісінің, оның ішінде бірлескен өндірістің жаңа мүмкіндіктерін аша алатын түрлі елдердің киноиндустриясы өкілдерімен ынтымақтастықты дамытуға көзделген», – деп айтып өтті режиссер. |
|
![]() |
8/1/2018
Қала күнін мерекелеу құрметіне Алматыда Almaty Film Festival Бірінші халықаралық кинофестивалі өтеді! Оразан зор фестивальдік кино мерекесін Astana Film Fund кинокомпаниясы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған. Бес күннің ішінде, қыркүйектің 15-нен 19-на дейін көрермендер ең үздік қазақстандық және шеделдік фильмдер шығарушыларымен, Ресейден, АҚШ-тан, Қытайдан келген актерлармен, режиссерлармен кездесе алатын болады. Кәсіби қоғамдастық үшін әлем кинематографы жұлдыздарының қатысуымен баспасөз конференциялар, дөңгелек үстелдер, қазақстандық режиссерлар және сценаристер үшін питчинг және, әлбетте, кинофестивальді салтанатты ашу – «Қызыл жол» өтеді. Парақшамызда біз ең жарқын оқиғалар туралы айтамыз, конкурсқа қатысқан фильмдерді ұсынамыз және фестивальдің қонақтарымен таныстырамыз. |
