2018 ЖЫЛ, 15-19 ҚЫРКҮЙЕК
Питчинг

I Almaty Film Festival кинофестиваліндегі жобалар питчингі

 

I Almaty Film Festival аясында ерекше байқау– жобалар питчингі болып өтті. Питчингке қатысуға Қазақстан республикасының резиденттері болып саналатын тәжірибелі және мүлдем тәжірибесі жоқ режиссерлар, сценаристер, продюсерлер шақырылды. Іріктеуге ұзақтығы 80 минуттық, толық метражды, жанры мен бюджетіне шектеусіз, қазақнемесе орыс тілдеріндегі фильмдердің дайын сценарийлері қабылданды.

Қорытындысында ұсынылған 69 сценарийден байқауға 10 жұмыс таңдалып алынды, олардың арасынан сараптаушы қазылар алқасы продюсер Серік Әбішев пен режиссер Әділхан Ержановтың «Қуандық» атты фильмінің сценарийін үздік деп таныды. Питчингті ұйымдастырушы Astana Film Fund жеңімпаз жобаны продюсерлік өңдеуге алды!

Кинофестиваль және жобалар питчингін ұйымдастырушы барлық қатысушыларға алғысын білдіреді!